Есей Жеңісұлы: Ел чемпионатында ЕАЭО елдерінен келген ортаңқол ойыншылар қаптап кетті

Былтыр ішкі біріншіліктің деңгейі түсіп кетті. Бұл туралы журналис, белгілі спорт комментаторы Есей Жеңісұлы айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр өткен ел чемпионаты өз басыма ұнаған жоқ. Әрине, жас футболшылар жасыл алаңға көптеп шықты. Клубтардың қаржысы азайып, жас ойыншыларға үміт артқанын өзінде де көңілден шықпады. Бірақ біздің Ұлттық құрамамыздың Ұлттар лигасында C тобында көш бастауы айтулы оқиға. Дегенмен ел ішіндегі чемпионат  - сұрқай болды, - деді Жеңісұлы.

Комментатордың айтуынша, біріншілікте үлкен тұлғалар қалмай бара жатыр.

Мәселен, бізге Жерар Гоу қайтып келді, алайда ол да біраз жасқа келіп қалған ойыншы. Ұлттық құрама мен Қазақстанның чемпионатында ойнап жүрген еуропалық ойыншылар өте аз. Қатарына Беларусьтің 2-3 ойыншысы мен Жарко Томашевич атап айтсақ болады. Ал 2021 жылдың өзінде Еуропа құрамаларында ойнайтын 15 шақты футболшымыз бар болатын. Бұл көрсеткіш біріншіліктің деңгейін түскенін көрсетеді, - деді сарапшы.

Ол ЕАЭО мемлекеттерінен ортаңқол ойнайтын футболшылардың көбейгенін айтты.

Ең ұнамағаны командалардың тең жартысы өз құрамын чемпионаттың ортасында түгелдей ауыстырды. Әр клубтан қаншама ойыншы кетіп, бір келіп, сапырылысып кетті. Бұл үдеріс біздегі селекция жұмысының нашар екенін аңғартады. Және де ақшаның далаға кетіп жатқанын білдіреді. Жақсы ойнайтын легионерлер келсе жақсы, әрине. Алайда, соңғы уақытта ел біріншілігіне ортаңқол ойнайтын ойыншылар қаптап кетті. Қазіргі таңда Армения, Ресей және Беларусь елінен келетіндер легионер болып есептелмейді. Өйткені олар Еуразиялық одақ мемлекеттерінің аясында легионер саналмайтын болған. Бұл ел футболына  - кесір. Себебі, келешекте жас футболшыларымыздың қолын байлайтын мәселенің бірі болмақ. Осы нәрсеге көңіл бөлінуі қажет, - деді Есей Жеңісұлы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы