Есептегі 142 азамат түзеу мекемесіне қайтарылды

Президенттің "Әділ Қазақстан" Жолдауын іске асыру мақсатында Түркістан облысы прокуратурасы сағат 20.00-22.00 уақыт аралығында "Қадағалау" профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Аталған іс-шара аясында 17 қала/аудан прокурорлары мобильдік топпен бірге есептегі азаматтардың үкіммен белгіленген шектеулерді орындау жағдайына кенеттен тексеру жүргізді.

Тексеру барысында 321 сотталғанның белгіленген уақытта тұрғылықты мекенжайларында болуы тексеріліп, бұзушылыққа жол берген 9 есептегі тұлға анықталды. Нәтижесінде 2 азаматқа қатысты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы ұсыныс сотқа жолданды.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасы "ҚАО ААЖ" арқылы пробациялық бақылаудан тыс қалған 77 құқық бұзушылықты анықтады. 43 азаматқа қатысты бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсыныс сотқа жолданды, қазіргі таңда 11 азаматқа қатысты үкім өзгертілді. Бұдан бөлек, биыл жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы 142 ұсыныс қанағаттандырылды, - деп хабарлады Түркістан облысының прокуратурасы.

Қайта қылмыстың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы