Есепте тұрғандарға азық-түлік таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылда Жуалы аудандық пробация қызметкерлері «Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, есепте тұратын 10 азаматты бір реттік азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұдан бөлек, 5 азаматқа қысқы маусымға арналған киім-кешегін сатып алып берді.
Жалпы, пробация есебінде тұрған көптеген азаматтар өмірдің қиындығымен бетпе-бет келіп, бар ауыртпалықты арқалап жүретіні жасырын емес. Оларды мемлекет және әртүрлі қоғамдық ұйымдармен кәсіпкерлер қамқорлықтарына алып, жыл ішінде бірнеше мәрте қол ұшын созады. Бұл бағыттағы жұмыстар Жуалы аудандық пробация қызметінде де жүйелі жалғасын табуда, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда халықаралық театр фестивалі өтеді
Өзгелердің жаңалығы