Есепте тұрған сотталушыларға электронды білезік тағылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Байқоңыр ауданы бойынша 20-ға жуық есептегі сотталғанға электронды білезік тағылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробациялық бақылауды қамтамасыз ету және бас бостандығын шектеуге сотталғандардың және шартты түрде сотталғандардың орналасқан жері туралы ақпарат алу үшін пробация қызметі электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы.
Сот салатын шектеулердің сақталуына, пробациялық бақылауды жүзеге асыру мақсатында сотталған адамға берілген электрондық бақылау құралдары пробация қызметкеріне оның тұрған жері туралы хабарлайды.
Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖД қарасты Байқоңыр аудандық пробация қызметінде жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасаған, жазаны өтеу тәртібін үнемі бұзған, қайта қылмыс жасаған 20-ға жуық сотталғанға алғаш рет электронды білезік тағылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда 100-ден астам жаңа нысан салынып жатыр
Өзгелердің жаңалығы