Ержан Сейтенов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды
Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Ержан Сейтенов тағайындалды. Бұл ақпаратты қала әкімдігі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сейтенов Ержан Іргебайұлы 1974 жылғы 18 қыркүйекте Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорған темір-бетон конструкцияларын өндіру кәсіпорны жұмысшысы болып бастаған.
2002-2016 жылдар аралығында жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарды.
2016-2021 жылдар аралығында Алматы қаласының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, Жасыл экономика, Тұрғын үй саясаты басқармаларының басшысы, 2021-2023 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі лауазымында еңбек етті.
2023 жылғы қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы