Ержан Сәденов БҰҰ-ның Орталық Азиядағы өңірлік өкілімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ-де ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденов БҰҰ-ның Орталық Азиядағы адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өңірлік өкілі Рышард Комендамен кездесті, деп хабарлайды Polisia.kz

Жүздесу барысында Рышард Комендаға бейбіт митингілер мен тәртіпсіздіктер кезіндегі полицияның іс-әрекеттері, террорлық шабуылдардың салдары, сондай-ақ ішкі істер органдарының өндірісіндегі сотқа дейінгі тергеу барысы туралы ақпарат берілді. 

Қылмыстық қудалау кезінде азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар адам құқықтарын сақтау саласындағы ынтымақтастықтың басым мәселелері мен перспективалары туралы пікір алмасты.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы