Ержан Нүкежанов: Еліміздегі діни ахуал тұрақты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов айтты.
Оның айтуынша, қазіргі таңда еліміздегі діни ахуал тұрақты. Дегенмен белгілі бір мәселелер туындап отырады.
Ең басты проблема - ақпарат саласы. Біздің комитет бұл салаға аса үлкен көңіл бөлуде. Ақпаратты алғанда талғаммен, ой толғайтын сайттарды қараған дұрыс. Мысалы, бізде «Қазислам» деген сайт бар. Бұл сайт халыққа діни түсінік жағынан ақпарат керек болған жағдайда кез келген сәтте алуға болады, - деді ол.
Сонымен қатар ол Дін істер комитетінің негізгі бағыты зайырлылық қағидаттарын дәріптеу және түсіндіру жұмыстары екенін айтты.
Біздің негізгі жұмыстарымыздың бірі - зайырлы қағидаттарды дәріптеу. Өздеріңіз білетіндей, конституциямызға сәйкес еліміз - зайырлы мемлекет. Сондықтан бұл бағыттар назардан тыс қалмайды. Әсіресе, жастар арасында бұл бағыттар бойынша аса үлкен дәрежеде көңіл бөлінуі тиіс. Осыған орай «Зайырлық және дінтану негіздері » бойынша оқу әдістемелік жобасын әзірледік. Бұл жобаны Білім және ғылым министрлігіне ұсындық. Бүгінгі таңда сарапталудан өткізілуде. Ол түсіндірме құралы болмақ, - дейді Ержан Нүкежанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде деструктивті ағымдарға қарсы қандай істер атқарылуда
Келесі жаңалық
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленді
Өзгелердің жаңалығы