"Қатты қиналып жүрмін". Ержан Максимнің Ресейдегі оқуы қалай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Junior Eurovision-2019 байқауынан жүлделі екінші орынмен оралған Ержан Максимнің анасы Гүлмира Әлібек ұлының Ресейдегі оқуы туралы айтты.


 

Ержан жалпы орта білім беретін мектепте орысша білім алып жатыр. Одан бөлек Игорь Крутойдың академиясына аптасына 2-3 рет қосымша барып оқиды. Мәскеуде пәтер жалдау қиын, өздеріңіз білесіздер. Сол жағынан үлкен қолдау көрсетіп отырған Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне үлкен рахмет. Ержанға стипендия тағайындап, пәтер жалдауға, оқуға уақытында ақша беріп, қолдау көрсетіп отыр, - деді анасы Гүлмира Әлібек.
 

 

Ержан Максимнен журналистер Ресейдегі оқуы туралы сұрағанда қатты қиналып жүргенін айтты. 

Жас әншінің анасы байқау туралы ойымен бөлісті. 

Ұйымдастыру жоғары деңгейде болды. Ешкімге өкпе жоқ. Барлығы тамаша. Ең бастысы Ержан әнін жоғары деңгейде айтып, жұртшылықтың ризашылығына бөленді. Шетелдіктер "Қазақстан" деп құттықтады. Ең бастысы жұрттың назарына ілігіп, кәсіби мамандардың жоғары бағасына ие болды, - деп әсерімен бөлісті ол. 

Гүлмира Әлібектің айтуынша, Ержанға Польша мемлекетіндегі Қазақстанның елшісі сол елде концерт беруді ұсынған. Жас әнші келер жылы Еуропа елдерінде, басқа да елдерде концерт беруді жоспарлап отырғанын атап өтті.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы