Ержан Максим түркі әлемінің атынан өнер көрсетеді – Бекхожин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин қазақстандық Ержан Максим бақ сынайтын Junior Eurovision музыкалық байқауы жайында сөз қозғады.  

Ертең Польшаға ұшады. "Хабар" агенттігі іс-шараны ұйымдастыратын Еуропалық хабар тарату одағыныңқауымдасқан мүшесі болғандықтан біз үмірткер ұсына аламыз. Бұл жолы талантты Ержан Максим Қазақстаннан қатысады. Бұл конкурстың бірегейлігі ел атынан біз де Ержанға дауыс бере аламыз. Қандай орын алатынына біздің қалай дауыс бергеніміз әсер етеді. 24 қараша күні тікелей эфирде 19 ел трансляция жүргізеді, - деді Бекхожин. 
Оның сөзінше, Ержан Максим Junior Eurovision байқауында Қазақстанның ғана емес түркі әлемінің атынан өнер көрсетеді.

 

Биыл Әзербайжан, Түркия кандидаттарын ұсынбады, сол себепті оған үміт артып отырмыз. Сарапшылар мүмкіндігін жоғары бағалады. Дауыс беру процесінде қазылар алқасына әрбір елден үш ересек, екі бала таңдалды. Құпия дауыс беру болғандықтан олардың кімдер екенін айта алмаймыз. Байқау аяқталғаннан кейін ғана есімдерін атауға болады, - деді ол.
Естеріңізге сала кеетейік осыған дейін 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ержан Максимнің жанкүйерлері арнайы шоу ұйымдастыратыны туралы жазғанбыз. Сондай-ақ, Ержан өзінің сәттілік саны туралы айтты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы