Ержан Максим Польшада 10-нөмірмен өнер көрсетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польшада балалар Евровидениесінің ашылу салтанаты өтті. Ержан нөмірі 10-шы болып өнер көрсететін болды. 

Ол "Арманыңнан қалма!" әнін Уэльс қатысушысынан кейін орындайды. 

Еске сала кетейік, байқаудың ақтық мәресі 24 қараша өтеді. Қазақстандықтар оны тікелей эфирде, "Хабар" телеарнасынан 21.00-де тамашалай алады.

Ереже бойынша жеңімпазды телекөрермендердің дауыс беру нәтижесі мен құрамына үшеуі ересек және екеуі балалардан құралған 5 адам, байқауға қатысушы елдердің төрешілері анықтайды.

Қазақстандықтар тек қана Ержанға ғана емес, сонымен қатар өздеріне ұнаған өзге елдердің қатысушыларына дауыс беру мүмкіндігіне ие.

Көрермендердің дауыс беруі junioreurovision.tv сайтында байқаудың финалына дейін 23-24 қараша күндері өтеді. Дауыс беру аяқталғаннан кейін, көрермендердің өз сүйікті әншілеріне дауыс берулеріне тағы да 15 минут уақыттары болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы