Ержан Максим "Голос. Дети" шоуының жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік "Голос.Дети" шоуының арнайы шығарылымында алтыншы маусымының жеңімпаздары белгілі болды. Бұл туралы Бірінші арнаның бас директоры Константин Эрнст хабарлады.

Жобаның арнайы шығарылымында Ержан Максим, Нино Чеснер, Валерий Кузаков, Рената Таирова, Роберт Багратян, Анастасия Сисаури, Михаил Григорян және Мариам Абделькадер өнер көрсетті. Олардың әрбірі жеке, тәлімгерлерінің командасымен бірге әндер орындады.

Байқау нәтижесін жариялаған Бірінші арнаның бас директоры  Константин Эрнст шоуды жасаушылармен, компаниялармен бірге жоба қорытындысын шығарудың мүмкін болатынын бірнеше нұсқасын қарастырғанын айтты.

"Мұндай жағдайда қайтадан дауыс беруді өткізе алмайтынымыз түсінікті болды. Байқау тарихындағы ең мықты финалдарының бірінің жеңімпаздары Ержан Максим, Нино Чеснер, Валерий Кузаков, Рената Таирова, Роберт Багратян, Анастасия Сисаури, Михаил Григорян, Мариам Абделькадер және Микелла Абрамова атанады",- деп хабарлады арнаның бас  директоры.

Ең бірінші жүлде Ержан Максимге берілді.

"Ержан, енді сен бірінші арнада ештеңенің сатылмайтынын білесің", - деді Эрнст.

Шоу жеңімпаздарына бір млн рубль табыс етілді. Ал Микелла Абрамова арнайы шығарылымға қатыспады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы