Ержан Байтілес жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошановтың бұйрығымен Президент баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап Мемлекеттік хатшының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (саяси қызмет) болып тағайындалды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 
Ержан Байтілес «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілшіліктен бастап журналистиканың барлық сатысынан өткен тәжірибелі қаламгер. Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары ретінде қоғамдық жұмысқа да белсенді араласқан азамат. Осыдан екі жыл бұрын ҚР Президентінің баспасөз қызметіне арнайы шақырдық. Мемлекеттік қызметтің қыр-сырына үйреніп, үлкен мектептен өтіп, шыңдалды. Енді қанаты қатайып, тәжірибесі толысып тағы бір баспалдаққа көтеріліп жатыр, - деп жазды ол.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы