Ержан Бабақұмаров Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің өкімімен Ержан Бабақұмаров Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысында туылған. Саяси ғылымдар кандидаты.
1996 жылдан мемлекеттік қызметте. Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі болған.
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы ОКҚ директоры болған. Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің жауапты хатшысы, вице-министрі қызметтерін атқарған. Соңғы жұмыс орны Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елордада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр
Өзгелердің жаңалығы