Ерұлан Жамаубаев Халықаралық валюталық қордың өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Халықаралық валюталық қордың Қазақстан бойынша миссияның басшысы Николя Бланше бастаған өкілдерімен астанада кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында орта мерзімдік уақытта экономикалық перспективалар, 2021 жыл бойынша бюджеттің орындалуы, 2022 жылға арналған бюджет және орта мерзімдік перспективаға, кіріс және шығыс саласындағы шаралар, сондай-ақ бюджетті қаржыландыру саласында, мемлекеттік қаржыны басқару сұрақтары қозғалды, - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының басшылығымен консультацияларды өткізу бойынша жыл сайынғы ХВҚ миссиясы ХВҚ Жарлығының IV бабына сәйкес жүргізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мамин Үкімет мүшелеріне тапсырма берді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы