Ертең Ұлттық кеңестің кезекті отырысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы өтеді. Бұл туралы Кеңестің үйлестірушісі, Президент көмекшісі Ерлан Қарин хабарлады.

2021 жылғы 16 қарашада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы өткізіледі. Отырыс бірнеше өңірдің қосылуымен онлайн форматта өтеді. Күн тәртібінде Ұлттық кеңестің бұрынғы отырыстарында Президенттің берген тапсырмаларын орындау барысын, сонымен бірге ҰҚСК мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму бойынша ұсыныстарын талқылау жоспарланған - деді Ерлан Қарин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы