«Ертіс-Успенка» арнасы 2024 жылы іске қосылады

Павлодар облысында салынып жатқан «Ертіс-Успенка» су арнасын реконстукциялау және қалыпқа келтіру жұмыстары келесі жылы аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Жаңа гидронысанды қалыпқа келтіру жобасы бірнеше жыл бұрын басталған. «Ертіс-Успенка» арнасын іске қосу суармалы жер алқаптарын екі есе арттыруға, яғни, 10 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Павлодар ауданының әкімі Николай Дычконың айтуынша, арна ондаған шаруа қожалығын тіршілік нәрімен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ауал шаруашылығының дамуына оң септігін тигізбек.

Құрылыс жұмыстары биыл толығымен аяқталады. Қазіргі уақытта жобаға электр энергиясымен қамту бойынша түзетулер енгізіліп жатыр. Бұл бағытта алты шақырымдық элекр желілері, станция құрылысы, сорғы құрылғыларын орнату жұмыстары жүргізіледі. Осы жұмыстары келесі жылдың ақпана йында аяқталады. Ал мамыр айында арна іске қосылады, - дейді Николай Дычко.

Еске сала кетейік, 13 шақырымдық арнаны қалыпқа келтіру жұмыстары үш жыл бұрын басталды. 2022 жылы қолданысқа берілуі тиіс еді, дегенмен, пандемия салдарынан жұмыстар тұралап қалды. Қаржыландырудағы қиындықтар да туындады. 

Айта кетейік, алып су арнасының жобасын кеңестік инженерлер әзірлеген. Нысан өткен ғасырдың 80-ші жылдары іске қосылса да, дәурені ұзаққа созылмады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы