«Ertis» Түрікменстан құрамасының ойыншысын қатарға қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодардың «Ertis» футбол клубы команда сапына Түрікменстан ұлттық құрамасының ойыншысы Руслан Мингазовты қосты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Руслан кәсіби мансабын «Ашхабад» клубынан бастап, 2008 жылы Түрікменстан чемпионы атанған еді. 2009 жылы Рига қаласының «Сконто» командасына ауысып, 6 маусым өткізіп, Латвия чемпионы, бірнеше мәрте жүлдегері атанған еді. 2014 жылы чехиялық «Яблонец» ФК намысын қорғап, ел біріншілігінің қола жүлдесіне ие болып, екі мәрте Чехия кубогының финалына дейін жеткен. 2016 жылы әйгілі «Славия» сапына ауысып, 2016/17 маусымында Чехия чемпионы атанып, 2017/2018 жылдары «Млада-Болеслав» командасына жалға берілген еді. Осы уақытқа дейін чехиялық «Пршибрам» клубында өнер көрсеткен.Футболдан Түрікменстан ұлттық құрамасының негізгі ойыншысы, алғашқы рет командаға 2009 жылы шақырту алған еді. Жартылай қорғаушы ұлттық құрама сапында 20-дан астам матч өткізіп, 4 рет гол соққан еді. Команда сапында Азия футбол конфедерациясының «AFC Challenge Cup» турнирының екі мәрте финалисті болған.
Қазіргі таңда танымал «Transfermarkt» ресурсында 650 мың еуроға бағаланып, ең қымбат Түрікменстандық футболшы болып саналады.
Жартылай қорғаушы біздің павлодарлық клубқа еркін ойыншы ретінде ауысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Gracenote: Қазақстан Токио Олимпиадасында 2 алтын жеңіп алады
Өзгелердің жаңалығы