Ертіс өзенінің жайылмасы өртке оранды

Павлодар облысында Ертіс өзенінің жайылмасында қураған шөп өртке оранды, деп хабарлайды BAQ. KZ.

Төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, Ленин кентімен облыс орталығының арасында қамыс пен құрғақ шөп жанып жатыр. Тілсіз жаудың бірнеше аумақта анықталған. Бірақ өзектер суға толып тұрғандықтан, ол жаққа техника өте алмайды. 

Дегенмен құтқарушылар қарап отырған жоқ. Отты қолмен сөндіріп жатыр. 

Өрт сөндіру барысында 3 ошақ анықталды. Бірінші және екінші өрт ошағы қазіргі кезде оқшауланды. Үшінші ошақ бойынша жұмыстар жүргізілуде, – дейді Ленин кентінің № 5 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Қазбек Бейсекеев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: egemen.kz
Өзгелердің жаңалығы