Ертіс өзенінің 27 мың гектардан астам аумағы биологиялық препаратпен өңделді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында шыбын-шіркейге қарсы күрес жұмыстары жалғасын тауып келеді. Кешенді шаралардың алғашқы легі масаның дернәсілдеріне қарсы жүргізілді.
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында шыбын-шіркейге қарсы күрес жұмыстары жалғасын тауып келеді. Кешенді шаралардың алғашқы легі масаның дернәсілдеріне қарсы жүргізілді.
Сала мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта биологиялық сұйықтықпен өңделген аумақтарды фенологиялық бақылау жүргізіліп жатыр. Ғылыми топ жетекшісі Дәулет Ибраевтың айтуынша, сәуір айынан бері Ертіс өзені жайылымының 27 мың гектардан астам аумағы өңделген.
Биыл су босату жұмыстары өз уақытында, яғни, мамыр айының басында басталды. Біз қансорғыш жәндіктерге қарсы шараларды ерте бастадық. Қазір өңделген жерлерді, нақтырақ айтқанда, шағын су тоғандары, қамысты аумақтарды бақылап жатырмыз. Әзірге дернәсілдер кездеспеді. Өзге тіршілік иелеріне зиян келтірілген жоқ. Бақылау шараларын жалғастырамыз. Қанаттанған масаны улау да жүргізіледі, - дейді Дәулет Ибраев.
Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы өкілдерінің айтуынша, фенологиялық бақылау 21 әуе алқабында жүргізілді. Әзірге жағдай тұрақты.
Өңдеу шараларының тиімділігі 80%-ды құрау керек. Яғни, әуеден өңдеуден соң 24, 48 және 72 сағат өткен соң бақылаймыз. Мәселен, масаның дернәсілдері бойынша 1 шаршы дециметрдегі дернәсілдердің 80%-ы жойылуы керек. Әзірге тиімділік көрсеткіші осындай. Жалпы, қансорғыштармен күрес науқанына жыл сайын 500 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді. Сыбаслас жемқорлық фактілерін болдырмау және алдын алу мақсатында мердігер ұйымдармен үш жылдық келісімшарт жасалады. Бұл тәжірибе бірнеше жыл бұрын енгізілді, - дейді жауапты мамандар.
Айта кетейік, ертең шіркейдің дернәсіл күйіндегі формаларына қарсы улау басталады. Кешенді жұмыс Ертіс өзенінің негізгі арнасында жүргізілмек. Дезинсекциялық шаралар өзен суында өткізіледі. Шыбын-шіркейлерге қарсы іс-шара барысында 70 мың химиялық және 2300 литр биологиялық препарат қолданылады.
- АҚШ Бейбітшілік Кеңесінде Газаны қалпына келтіру жоспарын ұсынады 05:18
- Обама қаулысы күшін жойды: Трамп климат саясатын өзгертті 04:27
- Атырауда блогерді ұрған екі әйелге үкім шықты 03:40
- Қар, көктайғақ, тұман: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды 02:34
- Еурокомиссия ғимараттарында тінту жүргізілді 01:29
- АҚШ Ирандағы демонстранттарға Starlink терминалдарын жеткізген 00:30
- Ақтауда полицей қаза тапқан жол апатына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды 12.02.2026