Ертіс өзенінде су ортасында қалып қойған ерлі-зайыпты құтқарылды
Семей қаласында Ертіс өзенінде апатқа ұшыраған қайықтағы екі адам құтқарылды. ҚР ТЖМ құтқарушылары қозғалтқышы істен шыққан қайықты ағыс бойымен 7 шақырым төменнен тауып, жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәліметінше, қайықтың ішінде 1990 және 1987 жылы туған ерлі-зайыптылар болған. Абырой болғанда, екеуіне де медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылар оларды қауіпсіз аймаққа жеткізіп, қайықты жағаға сүйреп шығарды.
Төтенше жағдайлар министрлігі су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Ресми ведомство су көлігін пайдаланған кезде техникалық жағдайын алдын ала тексеру қажеттігін ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҰҰ Бас хатшысы Израиль мен Иранды қақтығысты тоқтатуға шақырды
Өзгелердің жаңалығы