Ертіс өзенінде шіркейге қарсы өңдеу шаралары жалғасып жатыр
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде шіркейге қарсы өңдеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде шіркейге қарсы өңдеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы мамандарының хабарлауынша, бүгінгі күнге дейін маса дернәсілдеріне қарсы шаралар әуеден, жерден және суда жүргізілді. Енді қауіпті деген шіркеймен күрес басталды.
Барьерлі улау шаралары Ертістің негізгі арнасында жүргізіледі. Осы күнге дейін арнайы препараттар Ақсу қаласының ауылдық аймағы, Аққулы және Павлодар аудандарындағы өзен арнасына құйылды. Осылайша, су айдынына «Бактицид» перпаратының 30%-дық суспензиясының 17 мың литрі құйылды, - дейді жауапты басқарманың бөлім басшысы Мақпал Лепесова.
Күрес шараларына әрқайсысының жүк көтергіші 20 мың тонна болатын төрт баржа мен бес моторлы қайық жұмылдырылды. Жалпы, ұзындығы 1130 шақырым болатын өзен арнасына 166 мың литр препарат құйылады.
Айта кетейік, бүгінгі күні улау шараларының тиімділігі 90%-дан асады. Дегенмен, фенологиялық бақылау жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандардың айтуынша, шаралар масаның екінші генерациясы бойынша жүргізіледі. Облыс орталығындағы 44 саябақ аумағы мен ұсақ көлшіктер өңделді. Ылғалды 61 көпқабатты үйдің жертөлелерінде дезинсекциялық жұмыстар өткізілді. Сонымен қатар, өзен жағасындағы аумақтарда тиісті жұмыстар атқарылмақ.
- АҚШ Бейбітшілік Кеңесінде Газаны қалпына келтіру жоспарын ұсынады 05:18
- Обама қаулысы күшін жойды: Трамп климат саясатын өзгертті 04:27
- Атырауда блогерді ұрған екі әйелге үкім шықты 03:40
- Қар, көктайғақ, тұман: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды 02:34
- Еурокомиссия ғимараттарында тінту жүргізілді 01:29
- АҚШ Ирандағы демонстранттарға Starlink терминалдарын жеткізген 00:30
- Ақтауда полицей қаза тапқан жол апатына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды 12.02.2026