Ертіс өзенінде кезекті түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді

Абай облысындағы рейд барысында су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзушылар, атап айтқанда түнгі уақытта шомылушылар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Түнгі уақытта суға шомылатын азаматтарға су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін бұзғаны үшін бір әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған жұмыстар жалғасады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы