Ертіс өзені жайылымдарының 27 мыңнан астам гектары шыбын-шіркейге қарсы өңделеді

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылы Ертіс өзені жайылымдарының 27 мыңнан астам гектары шыбын-шіркейге қарсы препараттармен өңделеді.

Облыстық жер қойнауып пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы мамандарының мәліметінше, биылғы жылы қансорғыш жәндіктерге қарсы құралмен өңледетін аумақ 10 мың гектарға ұлғайған.

Ертіс өзені бойымен 1100-ден астам шақырымында дезинсекциялық шаралар қолға алынады. «Бактицид» атты биологиялық препараттың 70 мың келісі сатылып алынды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 10 мың келіге артық. Сонымен қатар, химиялық құралдың 2300 литрі бар. Мердігер ұйымның материалдық-техникалық базасы бар, - дейді басқарма басшысы Қадылжан Сәтиев.

Қазіргі таңда облысқа биологиялық препараттың 55 мың келісі әкелінді. Бұл - алғашқы партия. Өткен аптада ғылыми қолдау тобының ұсынысы бойынша мамыр айының басында Ертіс өзенінің негізгі арнасы мен Теплое ағысына 5500 литр көлемінде биологиялық препарат құйылды.

Сонымен қатар, Мичурин ауылынан Павлодар қаласына дейінгі аумақ та препараттармен өңделді. Қазіргі уақытта атқарылған жұмыстардың тиімділігі есептеліп жатыр. Бүгінде ғылыми топ өкілдері қансорғыш жәндіктердің даму сатыларына бақылау жүргізуде.

Бүгін өңірге «Бактицидтің» келесі легі, яғни, 15 тоннасы әкелінді. Бас-аяғы, препараттың 70 тоннасын пайдаланылады.

 

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы