"Ертіс Орманының" директоры заңсыз ағаш сату үшін қылмыстық топ ұйымдастырған

Антикордың «Ертіс Орманы» бойынша ұсынуы Экология министрлігінде қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ағымдағы жылы 26 шілдеде Экология және табиғи ресурстар министрлігінде «Ертіс Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты іс бойынша ұсыну қаралды.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев, уәкілетті органның басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Ұсыну табиғи резерватта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған.

Резерваттың бас директоры басшылық еткен ұйымдасқан қылмыстық топ ағашты технологиялық және отын ағашының түрінде заңсыз сату арқылы аса ірі мөлшерде орман ағашын жымқырды деп күдіктелуде.

ҰҚТ-ның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде, мемлекетке 150 млн теңгеден астам сомада залал келтірілді. Министрлікке сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша, оның ішінде орман қорын түгендеу және қорғау процестерін цифрландыруды енгізу жолымен кешенді шаралар қабылдау ұсынылды. ҰҚТ қатысушылары қамауда. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Жұмыс жалғасады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы