"Ертіс орманы" резерватында ағаш кесуге 5 жылға мараторий жарияланды

Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік резерватында ағаш отауға бес жылға мараторий жарияланды. Салалық мекеменің бұйрығы 2029 жылға дейін қолданыста болады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Мораторий енгізу туралы бастаманы өңірдегі прокуратура өкілдері көтерген. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Түлепбаевтің айтуынша, сегіз жыл бұрын орман кесу жағдайларының жиілеуіне байланысты екі жылға орман отауға тыйым салынған. Кейін мараторий 2020 жылға дейән ұзартылған.

Нәтижесінде заңсыз ағаш кесу деректері азайды. Ал тыйым салу мерзімі аяқталғаннан кейін ағаш кесу фактілері қайта қарқын алды. Бүгінгі күнге дейін заңсыз орман отаудың жүзден астам дерегі тіркелді. Осылайша, мың текше метрден астам қарағай кесіліп, табиғатқа 27 млн теңгенің залалы келді. Бақылау шараларяны дайындық аясында инспекция рейдтер кестесін әзірлеп, жуық арада іске кіріседі, - дейді Руслан Түлепбаев.

Сонымен қатар, резерват аумағында бұған дейін орнатылған орман өрттерін ерте анықтай жүйесі заңбұзушылықтарды анықтауға көмектеседі. Нақтырақ айқанда, бейнебақылау камераларымен жабдықталған 23 мұнара іске қосылған. Заманауи құрылғы тәулік бойы бейнебақылау жүргізугі қауқарлы. Ал видеоматериал серверлерде ұзақ уақыт бойы сақталады.

Айта кетейік, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексі бойынша орман қорына енетін ағаштарды отау үшін 100 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Заңбұзушылық аса қорғалатын табиғи аумақта тіркелсе 1500 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Яғни, 4,5 млн теңгеге дейінгі сомаға жеткі мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "Ертіс орманы" резерваты
Өзгелердің жаңалығы