"Ертіс орманы" қорығында ағаш кесуге тыйым салынды
Экожүйелерді қалпына келтіру климаттың өзгеруімен күресуде және орман қорын тұрақты дамыту саласындағы міндеттерге қол жеткізуде маңызды, деп хабарлайды BAQ.KZ Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Облыстағы орман қорының жартысынан астамы "Ертіс орманы" қорығының бірегей қарағайлы орманында шоғырланған.
Тәжірибе көрсеткендей, орман ағаштарын ұрлаудың өсуі рұқсат етілген ағаш кесудің кез келген түрін енгізумен тығыз байланысты.
Мысалы, мораторий алынған сәттен бастап 2021 жылы 1100 текше метрден астам орман заңсыз кесілген, бұл ағаш кесуге тыйым салу кезеңінің көрсеткіштерінен айтарлықтай асып түсті. Осыған орай орманды сақтау мақсатында Павлодар облысы прокуратурасының бастамасымен биыл 10 қыркүйегінен бастап 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен бүкіл резерват аумағында ағаш кесуге тыйым салынды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Болжам: Инфляция одан әрі төмендеуі мүмкін
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы