Ертіс өңірінің кардиологиялық орталығында 46 мың науқас емделді

Биыл Павлодар облысындағы кардиологиялық орталықтың құрылғанына – 10 жыл. Осы уақыт аралығында мамандардың көмегіне 46 мың адам жүгінген, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

10 жыл ішінде орталықтың құрылымы айтарлықтай өзгерді. Мәселен, бастапқыда науқастарға арналған небары 50 төсек-орын болса, бүгінде олардың саны 205-ке жетті. Орталық директоры Гүлжанат Жакованың айтуынша, кардиохирургтер құрамының жасақталуы 2008 жылмен тұспа-тұс келді.

Дәл осы сәтте қалалық емхананың жанынан 20 орындық бөлімше ашылды. Бес дәрігеріміз Ресей, Литва, Белоруссия мен Израильде оқып келді. Кейін жүрекке операциялар жасала бастады. Алғашқы оталарды шетелден шақырылған мамандар жасап отырды. Араға үш жыл өткенде хирургиялық әрекеттерді өзіміз қолға алдық. Ал 2013 жылы кардиологиялық кластар құру мақсатында орталығымыз ашылды. Сол кезде негізгі құрылымымыз жасақталды, - дейді Гүлжанат Жакова.

Мамандардың негізгі мақсаты – жүрек-қантамыр ауруларын емдеудің толық циклын енгізу. Бұл бағытта бірнеше жыл бұрын республикада алғашқылардың бірі болып кардиологиялық кластер жұмысын бастады. Екі жыл бұрын инусльт орталығы да ашылды. 

Қазіргі уақытта шипажайлық типтегі бөлімше жұмысын жалғастырып жатыр. Науқастар сапалы медициналық көмек алуда. Десе де, медицина бір орында тұрмайды. Біз заман ағымынан қалыс қалғымыз келмейді. Бүгінде 20 инновациялық технология енгізіліп, жүрек операцияларының 6 деңгейі жасалады.  Тек транплантация ғана жүргізілмейді. Алда мақсат-міндеттер күтіп тұр. 10 жыл ішінде 25 мың адамға ота жасадық. Олардың жеті мыңы – ашық жүрекке, - дейді Гүлжанат Жакова.

Алдағы уақытта қантамырлар хирургиясы бөлімшесі ашылды. Осылайша, жүрек патологиялары бар азаматтар алысқа бармай-ақ бір жерде ем  қабылдайды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы