Ертіс өңірінде туристік кезең ресми түрде 17 маусымда ашылады

Бүгінгі таңда демалыс орындарында қызу дайындық. Кейінгі жылдары Баян өлкесінен бөлек өзге аудандардың көрікті жерлеріне деген қызығушылық артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір тынығушыларға қызмет көрсететін орындар саны 100-ден асты. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 20%-ға көп. Демалыс ошақтары бір мезетте тоғыз мың туристі қабылдай алады. Мамандардың айтуынша, өткен жылы облысқа 190 мың адам келіп кетсе, осы жылғы көрсеткіш 200 мыңнан артық болады. Өткен жылы 12 инвестициялық жоба қолға алынса, биыл олардың қатарына сегіз жоба қосылады. Айта кетейік, аймақта отандық туризмді дамыту бойынша 2025 жылға дейінгі кешенді жоспар әзірленген.

Баянауыл өлкесінен басқа, туристер арасында Шарбақты және Аққулы аудандары жоғары сұранысқа ие. Тынығушылар қасиетті жерлер мен табиғи ескерткіштерді көргісі келеді. Сондай-ақ, бірегей тұзды көлдерге қызығушылық бар. Биыл Тұзқала атты демалыс орны жұмысын жалғастырады, - дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернұр Жәутікбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: 24.kz
Өзгелердің жаңалығы