Ертіс өңірінде тұмау өршіп тұр
Ертіс өңірінде жіті респираторлық вирустық инфекцияларды жұқтырған адамдар көбейген, дап хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Мамандардың айтуынша, аймақта эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім меңгерушісі Гүлмира Құлмағамбетованың айтуынша, соңғы аптада авирус жұқтырған адамдардың саны еке есе өскен.
Эпидемиологиялық маусым басталғалы «В» штампты тұмаудың сегіз жағдайы тіркелді. Бірінші қазаннан бастап сегіз мыңға жуық адам вирустық инфекция жұқтырып, емделген. Бүгінде ересектерге қарағанда балалар ауруға жиі шалдығады. Олардың саны 4600-ден асты. Бұл – 14 жасқа дейінгі балалар, - дейді Гүлмира Құлмағамбетова.
Мамандар ауру белгілері анықталған сәттен бастап сыртқа шықпауға және адам көп жиналған жерлерде бетперде киюге кеңес береді. Сонымен қатар, жеке бастың гигиенасын сақтау қажет. Аймақта халықты вакциналау науқаны аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта екпе алу тізімін жататын азаматтардың барлығы дерлік иммундау шараларынан өтті. Бірақ, өндіріс ошақтарында екпе салу жалғасуда.
Аймақта коронавирустық инфекция жұқтырғандар да бар. Ресми дерек бойынша үш адам ем-дом шараларын қабылдап жатыр.