Ертіс өңірінде киіктер саны 10 мыңға жетті

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде киіктерді қорғауға бағытталған шаралар жемісін беруде. Облыс аумағында ақбөкендер жыл сайын көбейіп келеді.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Түлепбаевтың айтуынша, киіктер популяциясын сақта умақсатында қорғау акциясы қолға алынады. 

Мақсат – браконьерлікпен күрес жұмысын күшейтіп, жануарлар санын көбейту. Киіктер «Қызыл кітапқа» енгізілмесе де, оларды атуға қылмыстық жауапкершілік бекітілген. Оны аулаған үшін 6000 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 3 жылдан 10 жылдық мерзімге бас бостандыққа шектеу қою жазасы қарастырылған. Бүгінгі таңда елімізде 842 мың ақбөкен тіршілік етеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп көрсеткіш. Акция шеңберінде жануарлар тіршілік ететін аумақтарға мониторинг жүргізіледі, - дейді Руслан Түлепбаев.

Бүгінде облыстың Баянауыл, Май аудандары мен Ақсу ауылдық аймағында кездеседі. Қазіргі уақытта 10 мыңнан астам жабайы жануар бар. Бұл - былтырмен салыстырғанда 25%-ға артық көрсеткіш. 

Акцияға «Охотзоопром» мекемесі облыстық филиалының мамандары қатысады. 10 инспектор, екі жүргізуші мен орталық мекеменің бес маманы атсалыспақ. Қызметкерлердің барлығы заманауи құралдармен жабдықталған. Алдағы уақытта әр инспекторға бейнені жазатын жетон сатып алынбақ. Аумақтарды бақылау үшін дрондар да қолданылмақ. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы