Ертіс өңірінде 528 сайлау учаскесі жұмысын бастады

Ертіс өңірінде таңғы сағат 07.00-де 528 сайлау учаскесі жұмысын бастады, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Сайлау учаскелері кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінде, облыс бойынша 513 тұрғын кезектен тыс Президент сайлауына қатысып, таңдау жасауға құқылы. 

Сайлау учаскелерінің 138-і Павлодар қаласында, 65-і Екібастұз қаласында, 40-ы – Ақсу қаласында және 285-і аудандарда орналасқан. Бұған дейін дауыс берушілердің тізімдерін тексеру бойынша онлайн сервистер жұмыс істеді. Сонымен қатар, өңірдегі 109 бірыңғай байланыс орталығының базасында тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталық іске қосылып, халыққа қызмет көрсетті.  Айта кетейік, бүгін сайлауға байланысты қоғамдық көлік тегін жұмыс істейді. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға инватакси жұмыс істейді. 

Таңмен таласа ашылған сайлау учаскелерінің қатарында Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы әмбебап кітапханаасындағы нысан бар. Бұл жерге 1542 электорат тіркелген.

Ең бірінші болып 89 жастағы әжей дауыс берді. Белсенді азаматшаға шағын сыйлығымызды ұсындық. Жалпы, дауыс берушілеріміздің көбі зейнеткерлер болғандықтан, көбі сайлау учаскесі ашылғаннан бірнеше сағат ішінде таңдау жасауға үлгеріп жатады, - дейді №15 сайлау учаскесінің төрағасы Ғалым Шаймарданов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы