Ертіс маңында шыбын-шіркейге қарсы әуеден өңдеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зиянкестерді улау жұмыстары «Бактицид» биологиялық препаратымен жүргізіледі, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.


Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметі бойынша, алқаптарды өңдеу ғылыми қолдау тобының ұсынымына сәйкес жүзеге асырылады. Бірінші кезекте Павлодарское ауылының маңындағы алқап  өңделді.

«Бактицид» биологиялық препараты сумен 1/5 мөлшерінде араластырады, яғни бір тонна суға жүз килограмм препарат жұмсалады.


Ерітінді жер қойнауын пайдалану басқармасы, ғылыми қолдау тобы  және «Ертіс - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен дайындалады, -  деп жазылған басқарманың хабарламасында.


Бұдан кейін ерітінді ұшаққа құйылады. Ұшақ төмен ұша алатын кезде, яғни таңертең және кешке  препаратты тиімді шашырата алатын мезгілде шығады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы