Ертіс маңында орманшылар жануарларға қоректендіргіш астаулар орнатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тереңкөл ауданында биотехникалық іс-шараларды жүргізумен Максим Горький орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме айналысады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Қыс мезгілінде қатты аяздарда және қалың қар түскен кезде жануарлардың жағдайы қиындайды. Кейде қорек табу мүмкін болмай қалады және аштықтан зардап шегеді. Сондықтан қысқы кезеңде биотехникалық іс-шараларды жүргізу қажет. Жабайы жануарлардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар орман алқаптарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүргізіледі, - дейді аңшылықтану маманы Анастасия Сивирина.Маманның айтуынша, биотехникалық шараларға кіретін қармақтар құру және азықтандыру жұмыстарын аңшылық танушы және орман күзеті жүзеге асырады. Олар жануарлар мен аңдарға шөп пен дән, тұз салады, қайың сыпыртқыларын іледі. Жануарлар өздерін қауіпсіз қорғалатын аумақта жайлы сезінуі және олардың саны тұрақты болуы үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда биотехникалық іс-шараларды жүргізу өте маңызды.
Тұз жануарлар ағзасындағы минералдық заттардың қорын толықтыру үшін қажет, - дейді маман.
Сондай-ақ, жануарлардың азықтандыруға келуін жеңілдету үшін жолдар ашылады. 2019 жылдың жазында биотехникалық іс-шаралар өткізу үшін 2,5 тонна шөп, 9 центнер астық, 700 дана қайың сыпыртқысы және 100 келі тұз дайындалды. Жемді орманшы инспекторлардың өздері әзірлейді. Бұл маңда 210 елік, 1491 қоян, 407 түлкі, 111 аққұлақ, 98 сусар, 155 сарыкүзен мекендейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қасымбек балалар үйі түлектеріне тұрғын үй қарастыруды тапсырды
Келесі жаңалық
Түркістан облысында орман ағаштарына санақ жүргізілуде
Өзгелердің жаңалығы