Ертіс өңіріне Қытайдан келген азаматтардан коронавирус анықталған жоқ
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде коронавируске қатысты жағдай тұрақты. Қытай халық Республикасынан келген азаматтардан бастапқы анамнез, яғни, денсаулықтары жөнінде мәлімет жиналды.
Бүгінгі күні облыста 420 қытайлық азамат жүр. Облыстық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзәгүл Дощанованың хабарлауынша, облыс аумағында вирусты жұқтыру деректері тіркелген жоқ. Өңірде коронавирус инфвекциясының таралуын алдын алу және жедел шараларды қолға алу мақсатында штаб құрылды.
Өткен жылдың желтоқсанынан бүгінгі күнге дейін аймаққа Қытайдан 420 адам келді. Бүгінді шетелдіктер арасында сауалнама жүргізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Меймандар арасында дене қызуының көтерілуі байқалған жоқ. Қытайдан келген тұрғындар арасында жіті респипаторлық вирусты жұқтыру белгілері болса, медициналық мекемелерге келу керек, - дейді Зәмзәгүл Дощанова.Қытай халық Республикасынан өңірге жұмыс немесе оқу бабымен келген болып шықты. Білім қуып келгендердің қатарында этникалық қазақтар да бар. Мәселен, Торайғыров университетіне тыңдаушы ретінде келген студентке қатысты шұғыл шара қолға алынды. Мамандар азаматты медициналық тексеруден өткізуге қолғабыс жасады.
Студент Қазақстан мен Қытай шекарасындағы аймақтан келді. Foundation факультетінің тыңдаушысы атанып, бір жылдан соң оқуға түсуді мақсат етеді. Ол туып-өскен елді мекенде коноравирустың бірде-бір дерегі тіркелмеген. Студент шекарадан өту бекетінде тексеріліп, елімізді өтуге рұқсат алды, - деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен.Айта кетейік, облысты жұқпалы вирустың таралуына жол бермеу мақсатында кешенді жоспар әзірленген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2020 жылы пайдалануға берілетін республикалық жолдар тізімі
Өзгелердің жаңалығы