Ертіс өңірінде соңғы бес жылда орман қоры ұлғайған
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының аумағында орман қорының ұлғаюы байқалады. Мәселен, соңғы жылдары аймақтағы орман шаруашылығы мекемелері 11 666 гектар жерде ағаш отырғызған.
Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының жетекшісі Руслан Түлепбаевтың хабарлауынша, жас көшеттердің жерге бейімделіп, өсу көрсеткіші 60%-дан 80%-ға жеткен.
Екі жыл бұрын Павлодар облысында орман аумағын арттырудың жоспар бекітілді. Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын жоба 2030 жылға дейінгі мерзімді қамтиды. Осы уақыт аралығында «Ертіс орманы» мемлекеттік орман резерватының аумағында 3160 гектар жерге ағаш отырғызылып, елді мекендердің айналасында жасыл аумақ құрылмақ. Оның аумағы 5020 гектардан аспақ, - дейді Руслан Түлепбаев.
2020 жылғы жоспар бойынша мемлекеттік орман қорының аумағында 110 гектар жерге қылқан жапырақтылар отырғызылды. Күзде тағы 49 гектар жерге ағаш отырғызылады.
Мамандардың айтуынша, осы жылы орман жабындысы бар алқаптарды мемлекеттік қорға ауыстыру бойынша «Жол картасы» бекітілді. Құжат негізінде аудан аумақтарында мәртебесін ауыстыруға жататын 9 мың гектардан астам есептелмеген жер анықталды. Бүгінгі күнге дейін 8 мың гектар жер тексерілді. Олардың 5 мыңнан астамы мемлекеттік қорға жатады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұшақта маска тақпағандарға 30 АЕК айыппұл салынады
Келесі жаңалық
Түркістан облысында орман ағаштарына санақ жүргізілуде
Өзгелердің жаңалығы