Ертіс өңірінде кәсіпкерлерге салық есептерін тапсыру мерзімі бір айға шегерілді

Павлодар. BAQ.KZ. Әлемдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай мен еліміздегі коронавирус инфекциясының жұқтыру деректеріне байланысты кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға қолдау шаралары қарастырылған.

Павлодар облысының шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ, жеке салық төлеушілерге декларацияларды тапсыру мерзімі 30 күнге шегерілді. Сонымен қатар, Салық кодексі шеңберінде төтенше жағдай кезінде кейінгіге қалдырылған қарыз үшін өсімпұл есептелмейді. Бұл жеңілдікті пайдалану үшін кәсіпкер кепілзат немесе банктік кепілді құжатын ұсыну қажет.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының айтуынша, коронавирустың таралуын алдын алу мақсатындағы салық төлемдері бойынша қызмет көрсету орындары жабылды. Осыған орай тұрғындарға төлемдерді электронды форматта өтеуге кеңес берілуде. 

Салық төлек орындарында халықтың көптеп жиналмауына орай терминалдардың жұмысы тоқтатылды. Бүгінде декларация тапсырудың бірнеше жолы бар. Кең таралғаны, әрине, электронды үкімет порталының көмегіне жүгіну. Қазіргі уақытта терминалдарда халық көп емес. Бұл шаралардың барлығы шағын және бизнес өкілдерін қолдауға бағытталған, - дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің маманы Галина Бирюкова. 

Сала мамандарының мәліметінше, 2018 жылдың қорытындысы бойынша елімізде салық төлеушілер 4,5 трлн көлеміндегі салықтық міндеттемелерден босатылған. Былтырғы жылы көрсетілген жеңілдіктер де осындай көлемде болған. Ал осы жылдан бастап арнайы салық режимі шеңберінде есеп айырысатын кәсіпкерлік нысандары үш жылға салық төлеуден босатылғаны белгілі.

Айта кетейік, қазіргі таңда индустриалды аймақта 21 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген. Олардан түсетін кіріс салығы жыл сайын 11 млрд теңгені құрайды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы