"Ертіс" футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды
Павлодарлық "Ертіс" клубына Николай Гавриш бас бапкер болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Ертіс" футбол клубы баспасөз қызметінің ресми ақпаратына қарағанда, команданың бас бапкері лауазымына Николай Гавриш тағайындалды. Маман Қарағандыда туған, ойыншы ретінде туған "Шахтерінде", содан соң теміртаулық "Болатта" өнер көрсеткен. Амплуа – қорғаушы.
Ойыншы мансабын аяқтағаннан соң ол "Шахтер" U-17, "Елімай" мен "Жальгиристе" бас бапкер көмекшісі болып істеген. Оның қызмет еткен уақытында литвалық клуб ел чемпионы әрі Кубок иегері атанды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысының Нұра ауылында 74 үй салынып жатыр
Келесі жаңалық
Ерлан Қарин: 2025 жыл еліміз үшін табысты болды
Өзгелердің жаңалығы