Ертіс ауданында мас тракторшы 15 күнге қамалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні полицейлер 29 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Облыстық полиция департаментінің мәліметі  бойынша, оның ішінде жетеуі - жол қауіпсіздігі және 22-сі қоғамдық қауіпсіздік фактілеріне қатысты.

2020 жылғы 25 тамызда сағат 11:30 шамасында Ертіс ауылының маңында дала жолында Т-40 тракторы тоқтатылды. Көлікті аудан орталығының 1974 жылы туған тұрғын басқарған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес механизатор тракторды мас күйінде басқарған, - дейді департаментте.
Ұсталған тракторшыға қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді. 

Ер адам 15 тәулік қамауға алынып, 7 жыл жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы