13 Шілде 2025 2025, 00:45 Фото: ашық дереккөз / Қазавтожол

Ертіс арқылы өтетін көпірдің құрылысы қарқынды жалғасуда

Павлодар облысында республикалық маңызы бар “Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы” автожолының 1381 шақырымындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа көпір 4 жолақты болып, әр бағытта 2 жолақта қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін болады. Нысанның жалпы ұзындығы 691 метр құрайды.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына 200 жұмысшы мен 57 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Көпір заманауи технологиялар бойынша салынуда.