«Ертіс-Қарағанды» арнасынан су жіберіле бастады

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде су тасқыны кезеңінің екінші толқыны басталды. Шамамен бір аптадан соң Ертіс өзеніне Шүлбі және Бұқтырма су қоймаларынан табиғат қорғау мақсатында су босатылып, шабындық және жайылымдық жерлерге жайылады.

 Мамандардың болжамынша, биылғы көктемде облыс аумағына 5 млрд. текше метр су жіберілмек. Ертіс өзенінің аумағындағы шабындық және жайылымдық жерлерінің 80%-не су жайылады. Нәтижесінде бірегей экологиялық жүйенің тепе-теңдігі қамтамасыз етіліп, жануарлар және өсімдіктер әлемінің дамуына оң септігін тигізбек.

 Қазіргі уақытта Қ. Сәтбаев атындағы «Ертіс-Қарағанды» арнасынан Шідерті-Өлеңті экологиялық жүйесіне су босатыла бастады. Гидрологтардың айтуныша, табиғат қорғау мақсатындағы су жіберу 22 күнге шақталған. су босату үрдісін кедергісіз өткізу үшін арнаның гидронысандары жөндеуден өткізілген.

 Павлодар облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сәтиевтің айтуынша, арнадан 100 млн. текше метр су жіберіледі.

 «Су Екібастұз ауылдық аймағы мен Ақтоғай ауданының  лимандық жайылымдарына жайылады. 21 мың гектар суға толмақ. Сонымен қатар, осы аумақтағы тоғыз көлге жіберіледі. Басты мақсат - мал азығының өсуін қамтамасыз ету. Балықтың өсімінеоң әсер ету», - дейді Қабылжан Сәтиев.

 Айта кетерлігі, биылғы су босату кезінде арна басшылығы қиындыққа тап болды. Астанаға апаратын атвобан бойында құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер ұйымның жауапсыздығынан Қ. Сәтбаев атындағы «Ертіс-Қарағанды» арнасының бір бөлігін топырақпен көпіліп қалған. Олар тас жол бойындағы көпірдің құрылысын орта жолда тастап кеткен.

 Арна өкілі Владимир Егердің айтуынша, автобан бойындағы көпір құрылысы тоқтап тұр. Салдарынан осы учаскедегі арнаның ені 38 метрден 12 метрге қысқарса, тереңдігі 5 метрдің орнына 2,5 метр болып отыр.

Бас мердігер ұйым өкілдерінің мәліметінше, субмердігер кәсіпорын 70 млн теңгенің жұмысын атқармаған. Енді басқа құрылыс компаниясы шақырылмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы