9 Тамыз 2024 2024, 11:14 Фото: Астана қаласының әкімдігі

Ертеңнен бастап елордада жаңа автобус бағдары қатынайды

Астана қаласы әкімдігі елордалық автобус жолаушыларымен жағымды жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы әкімдігі елордалық автобус жолаушыларымен жағымды жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы сенбіде, 10 тамызда жаңа № 62 бағдар өз жұмысын бастайды. 

Бағдар «Үркер» және «Отау» шағын аудандары арасында жүреді. Бағытқа 15 автобус қызмет көрсетеді, қатынау жиілігі 11-20 минут болады. Қозғалыс сызбасын CTS Instagram парақшасының Tаplink-те көруге болады. Жыл соңына дейін тағы да бағдарлар іске қосу жоспарлануда, - делінген хабарламада.

Бағдар: 

- «Отау», «Үркер» шағын аудандарында қоғамдық көліктің қызметін жақсартуға; 

- Қ. Мұхамедханов, Сарайшық көшелері мен Р. Қошқарбаев даңғылын тура жүретін бағдармен қамтамасыз етуге; 

- №№ 7, 11, 18, 43, 45, 47, 49, 52, 54, 56, 66, 71, 80 бағдарларының жүктемесін азайтуға ықпал етеді.