Ертең сайлау

Ертең, яғни 14 қаңтар күні елімізде Парламент Сенаты депутаттарын сайлау өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл науқан қалай өтеді? Депутаттарға кім дауыс бере алады? Сенатқа қанша адам сайланады? Елімізде өтетін ауқымды науқан жайында мақаламыздан оқи аласыздар. 

2022 жылғы қараша айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат сайлауын өткізу мерзімін белгілейтін Жарлыққа қол қойған болатын.

Сенат сайлауында заң бойынша азаматтар емес, мәслихат депутаттары дауыс береді.

Сайлау қорытындысы бойынша Сенаттың депутаттық корпусының бір бөлігі жаңаратылады.

Сенатты әрбір облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және Қазақстан Республикасының астанасынан, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органы депутаттарының бірлескен отырысында екі адамнан сайланатын депутаттар құрайды. Сенат депутаттарының тең жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады.

Сенаттың 10 депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Республика Президенті тағайындайды. 

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі 1998 жылғы қазанға дейін 4 жыл болды, 1998 жылғы қазаннан бастап 6 жыл.

Парламент өкілеттігінің мерзімі кезекті сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады.

Мәжіліс депутаттарының өкілдігі 5 жыл.

Сенат депутаттарының сайлауы қалай өтеді?

Сайлау сенат депутаттары өкілеттігінің конституциялық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 4 ай бұрын тағайындалады және олардың өкілеттіктерінің конституциялық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 2 ай бұрын өткізіледі.

Кандидаттарды ұсыну 29 қарашада басталып, 14 желтоқсанда аяқталды. Кандидаттарды тіркеу 29 қарашадан 24 желтоқсан сағат 18.00-ге дейін өтті. Ұсынылған 130 кандидаттың 66-сы тіркелді. 

Сайлау науқаны 24 желтоқсанда басталып, 13 қаңтар сағат 00.00-де аяқталады.

Бүгін, 13 қаңтар – тыныштық күні.

Ертең, 14 қаңтар – дауыс беру күні.

Сайлау қорытындысы 20 қаңтарға дейін жарияланады.

Кандидаттарды тіркеуге қандай құжат қажет етіледі?

Кандидатты мәслихат ұсынса:

- кандидатты ұсыну туралы мәслихат шешімі;

- кандидат ретінде қатысуға келісімі туралы өтініш.

Азамат өзін-өзі ұсынса:

- депутаттыққа кандидат ретінде қатысу ниеті туралы өтініші;

- өмірбаяны;

- сайлаушылардың кандидатты қолдаған қолдарын тексеру қорытындылары туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;

- кандидаттың және оның жұбайының немесе жұбайының табысы мен мүлкі туралы декларацияны ұсынғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамалары;

- кандидаттың сайлау жарнасын төлегенін куәландыратын құжаттар. Сайлау жарнасы ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшеріне тең, 2022 жылы оның сомасы 900 мың теңге болды. Ал қазір 1 млн 50 мың теңге.

Сенаттан қандай депутаттар кетуі мүмкін?

1. Ақмола облысынан Дәурен Әділбеков;

2. Ақтөбе облысынан Мұхтар Жұмағазиев;

3. Алматы облысынан Нұрлан Қылышбаев;

4. Атырау облысынан Ғұмар Дүйсембаев;

5. Шығыс Қазақстан облысынан Дүйсенғазы Мусин;

6. Жамбыл облысынан Әбдәлі Нұрәлиев

7. Батыс Қазақстан облысынан Нариман Төреғалиев (қызметінен кеткен, орны бос) 

8. Қарағанды облысынан Рысқали Әбдікеров

9. Қостанай облысынан Жеңіс Нұрғалиев 

10. Қызылорда облысынан Мұрат Бақтиярұлы 

11. Маңғыстау облысынан Бақтыбай Шелпеков

12. Павлодар облысынан Нұржан Нұрсипатов

13. Солтүстік Қазақстан облысынан Ерік Сұлтанов

14. Түркістан облысынан Әлімжан Құртаев

15. Шымкент қаласынан Айгүл Қапарова 

16. Астана қаласынан Еділ Мамытбеков

17. Алматы қаласынан Динар Нөкетаева

18. Абай облысынан Бақытжан Байахметов

19. Жетісу облысынан Амангелді Төлемісов

20. Ұлытау облысынан Советбек Медебаев

Алдағы сайлау нәтижесінде Сенатқа 20 депутат сайланады. Қазіргі таңда тіркелген 64 кандитаттың төртеуі ғана қазіргі сенаторлар екені белгілі болды. Олар – былтыр құрылған жаңа облыстардың өкілдері.

Кандидатқа қандай талаптар қойылады?

- Қазақстан Республикасы азаматы;

- соңғы 10 жылда Қазақстан аумағында және тиісті өңірдің аумағында 3 жыл тұрақты тұруы;

- 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі және жоғары білімі болуы;

- жасы 30-дан кем болмауы.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтарды сайлауға және сайлануға құқығы жоқ. Сенат депутаттығына сотты болған, жемқорлықпен ұсталған адам кандидат бола алмайды.

Сенатқа қанша адам сайланады?

Сенат республикамыздың әрбір облысынан, республикалық маңызы бар қаласынан және астанасынан 2 адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Бұл сайлауда 17 облыс пен Астана, Алматы және Шымкенттен 20 депутат сайланады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі 6 жылды құрайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.

Сенат депуттарының сайлауында кім дауыс береді?

Азаматтар Сенат сайлауына тікелей қатыспайды. Сенат депутаттары сайлауында жанама сайлау құқығы негізінде мәслихат депутаттары жасырын дауыс береді. Сайлаушылар тізіміне облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент мәслихаттарының барлық депутаты енгізіледі.

Сайлаушылардың 50%-ы дауыс беруге қатысса, «сайлау өтті» деп есептеледі. Сайлауға келген сайлаушылардың 50%-дан астамының дауысын алған кандидат «сайланған» болып есептеледі.

14 қаңтарда өтетін Сенат депутаттары сайлауына 55 кандидат түседі. Оның ішінде Алматыдан 4, Жамбыл, Павлодар, Алматы, Жетісу, СҚО және Түркістан облыстарынан 2 кандидат бар. Басқа өңірлерден және Астана мен Шымкентте 3 кандидаттан тіркелген. Республика бойынша 3 168 дауыс беруші қатысады. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының мәліметінше, сайлау учаскелері таңертең сағат 10-да ашылады, ал дауыс беру сағат 11-де басталады. Еліміздің 20 өңірінен бір-бір Сенат депутаты сайланады. Депутаттыққа кандидаттардың 95,5%-ы өзін-өзі ұсынған.

Сенат депутаты болуға кім үміткер?

Астана қаласы:

- Мұхамбеталина Наримаш Абылқызы

- Азбаев Бағдат Оразалдыұлы

- Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы

Алматы қаласы:

- Жаниязова Жарқын Лепесқызы

- Бекмурзаева Кристина Юрьевна

- Көкөбаева Гүлнар Ахметжанқызы

- Асанова Жанна Бейсентайқызы

Шымкент қаласы:

- Алтеев Бауыржан

- Елчиева Альбина Балғабайқызы

- Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы

Алматы облысы:

- Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы

- Ертас Нұрлан Ертасұлы

Абай облысы:

- Әпенов Қималидин Сағалбайұлы

- Маслова Анжела Владимировна

- Тастекеев Қайрат Құлбайұлы

Ақмола облысы:

- Сәбитова Айгүл Баубекқызы

- Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы

- Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы

Ақтөбе облысы:

- Бекбауова Дана Бақытқызы

- Бекназаров Рахым Ағыбайұлы

- Нұғманов Амангелді Шайхуллаұлы

Атырау облысы:

- Сәрсемалиев Гильман Әміржанұлы

- Шеркешбаева Бағит Кеңесқызы

- Наутиев Әлібек Ибатуллиұлы

Шығыс Қазақстан облысы:

- Светаш Александр Александрович

- Бұқтұғытов Шәкәрім Сабырұлы

- Әшімов Ержан Жаңабайұлы

Жамбыл облысы:

- Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы

- Арубаев Сәкен Қаланұлы

Жетісу облысы:

- Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы

- Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы

Батыс Қазақстан облысы:

- Құрымбаев Айболат Шамұратұлы

- Сұлтанов Ақылбек Ұзақбайұлы

- Өтеғұлов Арман Кәрімұлы

Қарағанды облысы:

- Әбілов Мұрат Смағұлұлы

- Шатохина Татьяна Николаевна

- Өтешов Серік Балғатайұлы

Қостанай облысы:

- Шүменбаев Самат Қанапьянұлы

- Күйшінова Жанар Талғатқызы

- Нұрмұхамбетов Ғауез Торсанұлы

Қызылорда облысы:

- Рүстемов Руслан

- Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы

- Шәменов Асылбек Өмірбекұлы

Маңғыстау облысы:

- Беляева Ирина Валериановна

- Досатов Ғаббас Шанытбайұлы

- Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы

Павлодар облысы:

- Айтжанова Динара Нұржанқызы

- Айткенов Ернұр Нұрмұханұлы

Солтүстік Қазақстан облысы:

- Қайыржанова Лаура Советқызы

- Каримова Гүлмира Райынбекқызы

Түркістан облысы:

- Ақмұратов Мирамбек Жамаділұлы

- Қадырбек Мұрат Болатұлы

Ұлытау облысы:

- Құрмансейітов Ахат

- Тоқымбаев Ержан Аманжолұлы

- Медебаев Советбек Тұрсынұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы