Ертең Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болады

Синоптиктер ертең, 5 шілдеде еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысының шығысында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде найзағай. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. 05-06 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы