Кеше 2026, 22:49 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Ертең павлодарлық оқушылар да қашықтан оқиды

Мұндай шешім қабылдауға ауа райының қолайсыздығы себеп.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар облысында 27 ақпан күні бірқатар білім беру ұйымдары қашықтан оқу форматына көшеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, аязға байланысты бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары, сондай-ақ 9-сынып базасында білім алатын колледждердің бірінші және екінші курс студенттері сабақтарын онлайн форматта оқиды.

Бұған дейін 27 ақпан күні елордалық оқушылардың қашықтан оқитынын жазғанбыз.