Ертең оқушылардың қорытынды емтихандары басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикалық педагогикалық кеңесте айтты.
Ертеңнен бастап қорытынды аттестаттау бойынша жұмыс басталады. Оны білесіздер. Былтыр көп мемлекет қорытынды емтихандарды өткізбеді. Ал биыл керісінше, мемлекеттердің басым көпшілігі қорытынды емтихандарды өткізіп жатыр. Оған адаптация жасалды. Біраз өзгерістер енгізілді, бір пәнді алып тастадық, - деді Білім және ғылым министрі.
Министр алғашқыда БҒМ 50/50 форматын қалдыру бойынша шешімді шығармақ болған. Мысалы, емтиханның 60% үлесі және 40% баланың алып жүрген бағалары.
Дегенмен балаларға ыңғайлы болуы үшін қорытындының 70%-ы өзінің күнделікті алып жүрген бағалары, ал қалған 30%-ы емтиханның үлесі болады. Мұны да балаларға көрсетілген көмек ретінде қарастыруға болады. Бірақ емтиханды өткізу керек, - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.
Оның сөзінше, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау үшін қажет болса, емтиханды бірнеше күнде өткізуге мүмкіндік берілді.
Сонымен қатар бас ұстаз 19 маусымға дейін жалғасатын жазғы мектептердің жұмысын тиісті дәрежеде ұйымдастыруды тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Есеп болған жерде ешқандай жұмыс болмайды – Аймағамбетов
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы