Ертең елордадағы Алаш тас жолы жартылай жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 қарашада елордада жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін, Уәлиханов көшесінен Орталық базар бағыты бойынша Алаш тас жолының (Бөгенбай батыр көпірі) оң жақ жолағын жабу жоспарлануда.
"Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз", - деп атап өтті Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2025 жылы Маңғыстау облысында 2550 жұмыс орны құрылады
Өзгелердің жаңалығы