Ертең елордада автобустар жүрмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең ел астанасында қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады, бұл туралы City Transportation Systems өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
Жексенбі күні, 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, - делінген жазбада.
Сондай-ақ компания елордалықтарды санитарлық нормаларды сақтауға шақырды. Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.
⠀Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді, - деп жазды олар.
Естеріңізге сала кетейік, елорда қайта «қызыл аймаққа» енгені туралы осыған дейін хабарлағанбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Басты мақсат – қазақстандықтардың әл-ауқатын нығайту
Өзгелердің жаңалығы