Ертең елордада Алаш тас жолы жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 қараша күні сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Алаш тас жолы (Бөгенбай батыр көпірі) көпірінің оң жақ шеткі жолағын Уәлиханов көшесінен орталық базар бағытын жабу жоспарлануда.

Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының таратқан хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы