Ертең еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
"Қазгидромет" РМК мамандары 4 наурызға арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстан аумағындағы ауа райының қауіпті құбылыстарының болжамымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде, еліміздің батысы мен оңтүстік-батысынан тыс өңірлерде жауын-шашын болып, жел күшейеді деп күтіледі.
Антициклон салдарынан еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында құрғақ, тымық ауа райы сақталады. Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран болып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады деп күтіледі. Жалпы Қазақстан бойынша тұман жиі байқалады, - деді "Қазгидромет" РМК.
Бұған дейін 3-5 наурыз аралығында елордада және екі мегаполисте ауа райы қандай болатынын хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы