Ертең елдің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

Қазгидромет 8 тамызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Ақмола облысының шығысында күндіз қатты жаңбыр жауады. 

Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ жауады деп болжанып отыр. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Павлодар облысыңда түнде облыстың батысыңда, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. 

Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Нұр-Сұлтан қаласында да жауын жауып, күн күркірейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы